Astana Marathon-2021 марафоны өтіп жатыр

0

2000-ға жуық желаяқ 10 және 42,2 км шақырым қашықтық бойынша ең үздікті анықтайды. Шараға орай елордадағы бірқатар орталық көшелер жабылып, қоғамдық көліктің жүрісіне өзгеріс енгізіліп, кейбірінің жұмысы тоқталды. Таңғы 7:00-ден басталған жарыс 14:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін көшелер ашылып, қоғамдық көліктің жұмысы қайта қалпына келтіреді.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан марафон былтыр пандемияға байланысты өткізілмей қалған еді. Ал биыл бұл сайысқа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алған немесе ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен спортшылар ғана қатысуға мүмкіндік қалды.