Азық-түлік бағасын көтергендерге қатысты 8 тергеу тағайындалды

0
1034

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны негізсіз қымбаттау фактісі бойынша 8 тергеу тағайындалды. Соңғы кездері нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу бойынша  46 дерек тіркелген. Мұндай жағдайлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалған. Бұл жайында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңесте айтылды.

Үкімет басшысының тапсырмасымен аталған өңірдің басшылары азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сауда нысандарын жауапкершілікке тартумен бойынша шұғыл шаралар қабылдайды. Айта кету керек биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы  9,7 пайызға өскен еді.