«Астана» команданың еурокубоктардағы үздік ойыншыларын атады

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 16:50 166

«Астана» команданың еурокубоктардағы үздік ойыншыларын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Астана» футбол клубы Instat деректеріне сүйене отырып, еурокубоктар маусымының үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Орташ көрсеткіш бойынша, еурокубоктарда ең көп ұпайды Марин Аничич жинаған. Үздік үштік қатарын Бахтияр Зайнутдинов пен Ласло Кляйнхайслер түгендеген.

«Астананың» еуромаусымдағы үздік 5 ойыншысы:

1.Марин Аничич — 254

2. Бахтияр Зайнутдинов — 250

3. Ласло Кляйнхайслер — 245

4. Евгений Постников — 240

5-6. Марин Томасов пен Ненад Эрич — 237

Еске сала кетейік, осы маусымда «Астана» үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті әрі УЕФА-ның үздік 50 клубы қатарына кіріп, Қазақстанның тағы бір рекордын жаңартты.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz