«Астана Банкі» салымшыларына өз қаражаттарын 26-қаңтардан бастап ала алады
«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау мен өтемақының төленуі «Еуразиялық банк» АҚ барлық филиалдарында жүргізілетін болады.
2019 жылдың 26 қаңтар күні «Еуразиялық банк» АҚ агент банкі арқылы «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау мен өтемақының төленуі басталады. Қазіргі таңда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) және агент банк төлемді белгіленген мерзімде қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚДКБҚ-ның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған қаражаттың жалпы сомасы 740,7 миллиард теңгені құрайды. «Астана Банкі» АҚ-ның барлық салымшыларына төлеу үшін 37,3 миллиард теңге көлеміндегі сома талап етіледі. Бұл ҚДКБҚ қаражатының жалпы сомасынан 5%-ын құрайды.
“Яғни, «Астана Банкі» АҚ салымшылары ақшалай қаражаттың жеткілікті көлемінің бар екенін және ҚДКБҚ-ның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкідегі арнайы шотта 40 миллиард теңге көлеміндегі ақшаны алдын-ала резервке қойғандығын түсінуі тиіс. Бұл ақша «Астана Банкі» АҚ-ның әрбір 275 мың салымшылары алдындағы міндеттемелердің толық көлемде төлем жүргізу үшін агент банкке аударылатын болады”, — делінген хабарламада.
Агент банк болып табылатын «Еуразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін кең филиалдық желісі бар, пруденциялық нормативтердің бұзылу деректері жоқ, қаржылық күйі тұрақты банктердің арасынан таңдалған болатын. «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдау мен өтемақының төленуі «Еуразиялық банк» АҚ филиалдары мен бөлімшелерінде жүргізілетін болады.
ҚДКБҚ мен «Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлемдерді жедел жүргізу үшін барлық іс-шараларды жүргізуде, атап айтқанда:
— агент банк қызметкерлері санын ұлғайту және төлем жүргізу үшін арнайыландырылған жаңа кеңселерді ашу: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Шымкент;
— төлемді жүргізу басына салымшылардың ең көп ағымы күтілуіне байланысты, алғашқы күндер әдейі демалыс күндеріне тағайындалды:сенбі және жексенбі. Бұл күндері «Еуразиялық банк» АҚ –ң жеке тұлғалармен жұмыс істейтін барлық бөлімшелері «Астана Банкі» АҚ-ң салымшылары ғана және кеңейтілген кесте бойынша қызмет етеді: 26-қаңтар 8:00-ден және 22:00-ге дейін, ал 27 қаңтар — 8:00-ден және 20:00-ге дейін. 28 қаңтардан бастап, агент банк кепілдік берілген өтем төленуін филиалдар мен бөлімшелердің әдеттегі режимінде жүргізетін болады;
— кезектерді болдырмау үшін ақша беру процедураларын жеделдететін болады, соның ішінде бөлімшелер кассаларында ақша болуын қамтамасыз ету;
— агент банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына смс-тарату арқылы кепілдік берілген өтемді алу мерзімдері мен тәсілдері жөнінде ақпарат беруде;
— агент банк бөлімшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚДКБҚ агент банктің бөлімшелерінде күзетуді күшейту мен экипаждарымен патрульдеуі бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Лепеха И.В. –ға сауал салды;
— ҚДКБҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне агент банктің филиалдары мен бөлімшелерде шұғыл түрде әрекет ету үшін жедел жәрдем бригадаларының даярлығын қамтамасыз ету үшін сауал салды.
Сонымен қатар, ҚДКБҚ ссалымшылардан «Астана Банкі» АҚ салымшыларына сабырлық пен шыдамдылық танытуға кеңес береді.
«Еуразиялық банк» АҚ-да өтініштерді қабылдау мен өтемақының төленуі 2019 жылдың 26 қаңтар күнінен басталып 2019 жылдың 26 шілде күніне дейін жалғасатын болады. Бұл кезең ішінде «Астана Банкі» АҚ салымшылары төлемді алу үшін агент банктің кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Кепілдік берілген өтемді бірі қалмастан, «Астана Банкі» АҚ-ның барлық салымшылары алатын болады», — деп хабарлады фонд өкілдері.
26 шілдеден соң төлем жөніндегі өтінішті тікелей ҚДКБҚ-ға беруге болады.
Өтемақыны алу үшін «Астана Банкі» АҚ салымшыларына жеке басын куәландыратын құжатты алып, агент банктің кез келген бөлімшесіне немесе филиалына жүгіну керек. Өтініштің нысанын агент банктің бөлімшесінен алуға немесе ҚДКБҚ-ның интернет-сайтында электронды нұсқасын жүктеп, оны алдын-ала толтыруға болады. Салымшыларды сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүргізіледі. Сондықтан, «Астана Банкі» АҚ салымшыларының құқықтарын растау үшін банктік салым шарты немесе кассалық кіріс ордерлер талап етілмейді.
Тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда, өтініш беруші АХАЖ органдарымен берілген неке қию туралы куәлікті немесе тегінің, атының немесе әкесінің атының өзгеруі туралы куәлікті агент банкке ұсынуы тиіс.
Агент банкке жеке-өзі келе алмаған салымшылар үшінші тұлғаларға сенімхат негізінде өз атынан өтініш беруді тапсыра алады. Агент банкте өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
Сенімхатты заңнаманың белгіленген талаптарына сәйкес нотариуста рәсімдеп, онда төмендегілер көрсетіледі: мәжбүрлеп таратылатын банкте ашылған депозиттер мен банк шоттарындағы ақшаға иелік ету жөніндегі өкілдің құзыретттері. Сонымен қатар, өкілдің өтемақы мен таратылатын банкте ашылған банк шоттарының нөмірін алуға арналған нақты құзыреттерін де көрсетуге болады.
Агент банк тарапынан сенімхаттың мазмұнына қатысты қосымша талаптарды белгілеуге рұқсат етіледі.
Егер сенімхат шет тілде құрастырылса, онда депозитордың өкіліне осы сенімхаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды түрде куәландырылған аудармасын ұсыну керек.
Қазақстан Республикасының азаматтығын ауыстырған немесе жоғалтқан депозитор жүгінген жағдайда, шет мемлекеттің төлқұжаты (шетелдік төлқұжат), ал қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарымен берілген азаматтықтың тоқтатылуын растайтын анықтама немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі талап етіледі.
Төлем мерзімдері
Стандартты жағдайда, салымшы жеке өзі жүгініп, барлық құжаттарды ұсынған жағдайда және кепілдікті өтемақы тізілімінде ол туралы ақпарат бар болған кезде, сондай-ақ, даулы сәттер болмаған жағдайда, агент банк қолма-қол ақшаны жүгінген күні кассада беріп немесе ақшаны салымшының шотына (бүкіл рәсімдер мен тексерулерді ескеріп) аударады.Құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда немесе агент банкке ұсынылған құжаттарда өтемақыны төлеу туралы шешімді қабылдауға қажетті ақпарат болмаған жағдайда, агент банк мәлімделген талаптардың негіздемесін растайтын қосымша құжаттарды сұратуға құқылы. Кез келген жағдайда, заңнама талаптарына сәйкес төлем мерзімі (құжаттар келіп түскен күннен бастап) 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Төлем тәсілдері
«Астана Банкі» АҚ салымшылары қолма-қол ақшаны агент банктің кассасында немесе өтініште көрсеткен банк шотына аудару арқылы ала алады. Сонымен қатар, «Астана Банкі» АҚ салымшылары агент банктің қазіргі депозиттік бағдарламалары бойынша өтемақы сомасына агент банкте шот аша алады. Агент банктің салымшылар үшін басымдылықты белгілеуге немесе өтемақыны алу тәсілін еркін таңдауға кедергі келтіруге құқығы жоқ.
Төлем сомасы, төлемді қамтамасыз ету
ҚДКБҚ қаражатынан максималды өтемақы сомасы теңгедегі депозиттер (салымдарды, ағымдағы шоттарды және төлем карталарын қоса алғанда) бойынша – 10 миллион теңгені, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені, бір салымшының бір мезгілде теңгемен және шетел валютасында орналастырылған депозиттері болса – 15 миллион теңгені құрайды (алайда, шетел валютасындағы депозит бойынша 5 миллионнан аспауы тиіс). Өтемақы «Астана Банкі» АҚ-ның әрбір салымшысына «Еуразиялық банк» АҚ агент банктің кез келген филиалында немесе бөлімшесінде өтініш негізінде төленеді.
Барлық төлемдер тек теңгеде ғана жүргізіледі. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтемақы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі. Осылайша, шетел валютасындағы салым бойынша өтемақы сомасы агент банкте ақшаны алудың нақты күніне байланысты болмайды.
Мысалы, «Астана Банкі» АҚ-дағы шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы сомасын есептеу үшін 2019 жылғы 9 қаңтардағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады. Атап айтқанда, АҚШ долларындағы депозиттер бойынша – 373,66 теңге, еуродағы – 427,80 теңге, ресей рубліндегі – 5,57 теңге.
Төлем сомасы бойынша туындайтын сұрақтар
«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы «Астана Банкі» АҚ –ң әрбір салымшысының алдындағы міндеттемелер тізілімін теңгенің шетел валютасына қатысты сот шешімі заңды күшіне енген күнгі нарықтық айырбастау бағамының өзгеруін, салымдар бойынша сыйақы есептеуді және капиталға айналдыруды, депозиттердегі, оның ішінде шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны өзара есепке алуды, салымшылардың кредиттер, өсімпұлдар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және комиссиялар бойынша банк алдындағы ақшалай міндеттемелеріне қатысты салымшыларды, сондай-ақ, банк лицензиясынан айырылғаннан кейін түскен ақшаны салымшылардың шотына есептеуді ескере отырып қалыптастырады.
Кепілдік берілген сомадан асатын депозиттері мен есептелген сыйақы бойынша талаптары бар салымшылар агент банкте өтемақыны алумен қатар, сондай-ақ, даулы мәселелер (салымшылар тізілімінің болмауы) бойынша «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына талап қоюға құқылы.
«Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы барлық кредиторлардың, соның ішінде банк салымшыларының талаптарын қанағаттандыру үшін барлық шараларды қолданатын болады. Тарату комиссиясына өтініш берген кредиторлардың талаптары қолданыстағы банк заңнамасымен белгіленген реттілік бойынша банк активтері мен мүлкін сату нәтижелері бойынша өтелетін болады. Тарату өндірісіндегі кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мерзімдері банк активтері мен мүлкінің жеткіліктілігі мен сапасына, сондай-ақ, оларды іске асыру нәтижелеріне байланысты болады.
Тарату комиссиясына өтініш беру мерзімі – 2019 жылдың 18 қаңтар күнінен бастап 2019 жылдың 18 наурыз күніне дейін. Өтініштерді ерікті жазбаша нысанда «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясының төрайымы Д. М. Зинуллинаның атына жолданып, кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы тарату комиссиясынан жауап алу үшін онда келесідей ақпарат көрсетіледі:
Жеке тұлға болып табылатын өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі),
· банк шотының нөмірі (ИИК/IBAN) немесе банк шоты, банк салымы шартының нөмірі,
· банктің кредитор алдында орындалмаған міндеттемелерінің сомасы (негізгі борыш пен сыйақы (тұрақсыздық айыбы мен басқа да айыппұлдық санкциялары, шығындар),
· ақшаны шотқа енгізуге арналған төлем деректемелері,
· пошталық деректемелер (индексі, мекенжайы).
Өтінішке негіздеме мен талап сомасын растайтын құжаттардың (мысалы, банк шоты бойынша үзінді көшірме, банк шотының, банк салымының шарты, соттың заңды күшіне енген шешімдері немесе талап ету құқығын растайтын басқа да құжаттар) көшірмелері қоса тіркеу керек. Тарату комиссиясына ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің нотариалдық куәландырылуы талап етілмейді.
Банк пен кредитор арасында жасалған шартпен басқа мерзімдер келісілмесе, тарату комиссиясы тарапынан кредиторлардың келіп түскен өтініштерін қараудың максималды мерзімі алу күнінен екі аптаны құрайды.
Өтініштер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жеке түрде берілуі немесе «Астана Банкі» АҚ тарату комиссиясының филиалдарына жолдануы мүмкін:
· Алматы қаласында: Көктем-2 ықшамауданы, 22, телефоны: +7 (727) 259 60 60,
· Астана қаласында: Б. Момышұлы даңғылы, 14, 8-ҚҚ, телефоны: +7 (777) 154 88 79,
· Ақтау қаласында: 4 ықшамауданы, 73-ғимарат, телефоны: +7 (7292) 70 10 25 (ішкі нөмір 15012, 15001),
· Ақтөбе қаласында: Сәңкібай Батыр даңғылы, 249, телефоны: +7 (7132) 70 47 89, 70 47 62,
· Атырау қаласында: Сәтпаев көшесі, 19, телефоны: +7 (7122) 55 80 21,
· Өскемен қаласында: Орджоникидзе көшесі, 35, телефоны: +7 (7232) 56 09 96,
· Қарағанды қаласында: Степной ықшамауданы 2, 6/1, телефоны: +7 (7212) 55 99 01 (ішкі нөмір: 16003, 16020, 16018),
· Павлодар қаласында: Киров көшесі, 115/1, 33-ші н.п. телефоны: +7 (7182) 70 39 97 (ішкі нөмір: 17031, 17045),
· Шымкент қаласында: Қонаев даңғылы, 13-үй, телефоны: +7 (7252) 99 71 80.
Тарату комиссиясының филиалдары жоқ қалаларда, «Астана Банкі» АҚ-ның салымшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңірлік филиалдарындағы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімдерге өтініштерін, құжаттарын бере алады, тарату комиссиясына құжаттарды беру жөнінде кеңес алуына болады.
Банк қарыз алушыларының назарына
«Астана Банкі» АҚ-дағы тарату процесінің басталуы қарыз алушылар міндеттемелерінің орындалуын тоқтатпайды. «Астана Банкі» АҚ-ның дебиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақының есептелуі уақытша тоқтатылмайды. Барлық қарыз алушылар қарыздарды төлеу кестесіне сәйкес Алматы мен Астана қалаларындағы «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясы филиалдарының кассаларында немесе «Астана Банкі» АҚ-ның банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы өтеуі тиіс. Ақша аударуға арналған деректемелер www.bankastana.kz «Астана Банкі» АҚ веб-сайтында жарияланатын болады. Агент банкте төленетін кепілдік берілген өтем сомасын есептеумен, валютаны айырбастау бағамын, сыйақыны есептеу мен капиталға айналдырумен, таратылатын банк алдындағы кепілдік сомасы мен міндеттемелер сомасын есепке алумен байланысқан сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар «Астана Банкі» АҚ-ның тарату комиссиясына жүгіну керек.
Байланыс деректері
Депозиттер бойынша кепілдік туралы жалпы ақпаратты және «Астана Банкі» АҚ-ның салымшыларына өтем төлеу барысы туралы өзекті ақпаратты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының www.kdif.kz веб-сайтынан алуға болады. Салымшылар кеңес алу үшін @kdif_ask, Телеграм-чатқа, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының call-орталығына 1460 тегін қысқа нөмірі бойынша жүгіне алады немесе ҚДКБҚ-ның www.kdif.kz веб-сайтына сауал қалдыра алады.
Агент банктің барлық қалалардағы филиалдар мен бөлімшелерінің мекенжайларын «Еуразиялық банк» АҚ-ның ресми веб-сайтында: www.eubank.kz және агент банктің анықтама қызметінде білуге болады: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/