В. М. Русаловтың индивидуалдықтың арнайы теориясы

0
413

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

ӨЗІНДІК ЖҰМЫС
Тақырыбы:
В.М.Русаловтың индивидуалдықтың арнайы теориясы

Орындаған: Салтанатова А.С.
Тексерген: аға оқытушы Кадыржанова Ж.Е.

Орал, 2014ж.

Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. В.М. Русаловтың индивидуалдықтың арнайы теориясы
2. Индивид, тұлға, даралық
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дифференциялды психология (қазақшаға аударғанда индивидуалды айырмашылықтар психологиясы) – бұл ғылымдағы жеке индивидті немесе топтағы адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін зерттейтін бөлім.Оларды қандай да бірп ерекшеліктеріне байланысты: жасына, жынысына, қандайда бір әлеуметтік ортасына қарай топтастырады.
Дифференциалды психологияның міндеті адам психикасындағы индививдуалды айырмашылықтардың заңдылықтарының пайда болуын және көрінуін қарастыру, зерттеудің психодиагностикалық теориялық негізін және психокоррекциялық бағдарламаларын өңдеу болып табылады.Бүгінгі күні білімнің бұл аймағы практика сұранымдарына максималды жауап беруде, сондықтан өте тез дамуда.
Қазіргі кезде индивидуалдылық мәселесі В.В.Белоус, А.И.Крупнов, И.В. Равич-Щербо, В.М.Русалов, О.А.Ахвердова, И.В.Боев ғылыми мектептерінде қарқынды дамуда. Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды модель әлі жоқ.Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.
Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан адамның индивидуалдық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болды. ХІХ ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттері ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды.
Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В.М.Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде мазмұнды-мағыналы деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т.б. индивидуалды вариацияларын, ішкі мазмұнды мағыналылықты немесе адамның индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталады. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез-құлықтың барлық психофизиологиялық формасы – биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.
В.М.Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интеллект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды.
Дифференциалды психология өзінің қалыптасуының басынан өз пәнінің ерекшелігімен көңіл аудартты. Штерннің пікірінше, дифференциалды психология психикалық және физикалық феномендерді (құбылыстарды), әрекеттерді және бейімделушіліктерді зерттейді. Яғни, жасырын және объективті бақылауға болмайтындарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлықта және тілекте, бағдарда, басқаша айтқанда жүзеге асатын немесе жүзеге аспайтын қабілеттерде көрінетін құбылыстарды да зерттеуге тырысады. Феномендер дәстүрлі түсінік бойынша – тікелей тәжірибе объектісі, ал іс-әрекет пен бейімділік- жанамалы тәжірибе объектісі.Қазіргі кезеңде дифференциялды психология индивидтік, индивидуалдылықтың пәндік-мазмұнды және рухани-көзқарастық сапасын,өзіндік сана ерекшеліктерін, тұлғалық стиль сипатын, әр түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруын зерттейді

Негізгі бөлім
1. В.М. Русаловтың индивидуалдықтың арнайы теориясы
Индивидуалдылықты зерттеу психология ғылымының докторы В.М. Русаловтың басшылығымен қарқынды жүргізілуде. Зерттеудің ерекше сипаты — индивидуалды-психологиялық айырмашылықтың негізгі детерминанты жоғары жүйке жүйесінің жалпы қасиеттерінің концепциясының дамуы.Адамның индивидуалды қасиеттер спектрінен негізгі көңіл формальді – динамикалық сипаттарға, яғни темпераментті зерттеуге бағытталған. Темпераменттің адам индивидуалдылық құрылымындағы орнын зертеу мақсатында және оның жалпы қабілеттердің дамуына әсерін анықтауға байланысты темпераментті бағалаудың психометриялық әдістерін өңдеуге басты назар аударылады. В.М.Русалов индивидуалдылықтың толықтығынның моделін ұсынды:
oo дифференциялды-психофизиологиялық (төменгі) деңгей, организм қасиеттері жатады;
oo дифференциялды-психофизиологиялық (жоғары) деңгей, тұлғалық, индивидтік, және басқа әлеуметтік- мәдени құрылымдардан тұрады.
Психологиялық институтта, психофизиологиялық қабілеттер зертханасында психология ғылымының докторы Э.А.Голубеваның басшылығымен қабілеттердің табиғи алғы шарттарын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен, қазіргі кезеңде индивидуалдылықты зерттеу болашақтағы зерттеу және ғылыми ізденушілік жұмыстарында шешімін табатын көптеген сұрақтарды қарастырады. Әр түрлі көзқарастағы авторларды индивидуалдылықты зерттеудің толықтығы, интегративтілігі, индивидуалдылықтың даму және өзіндік даму механизмдерін іздестіру біріктіреді.
Биологиялық әрекетті және арнайы индивидуалды теорияның бағытын ашып жазуды В. М. Русалов В. С. Мерлиннің интегралды индивидуалдылығына толықтырулар енгізді.
1.Индивидуалдылықтың биологиялық факторы – адамдардың денелік морфофунцкионалды ұжымы ғана емес, сонымен қатар тірі әлемнің эволюционды даму процесінде қалыптасатын мінез – құлық программасы. Бұл программалар өз әрекеттерін ұрықтану кезінде бастап, іске асырады және үш айда эмбрионды тұрақты индивидуалды мінез – құлық формасы пайда болады.
2. Бір уақытта әрекет етуші заңдылықтардың 2 түрі бар. Біріншісінің іс- әрекет етуінің нәтижесінде психиканың мәндік – заттық сипаттамалары қалыптасса, (мотивтер, интеллект, бағыттылық), басқасының нәтижесінде – индивидуалды мінез – құлықтың формальді – динамикалық ерекшеліктері қалыптасады.
Бұрын олардың пайда болуы туралы мәлмет болған жоқ, ал қазіргі уақытта мәндік – заттық сипаттамалар үшін жалпылану құрлымы психиканың өзгергіштігін қамтамасыз ете отырып, сыртқы ортадан беріледі. Ал формальді – динамикалық қасиеттің өзі арқылы биологиялық программалардың жлпыланған нәтижесін білдіретін басқа көзі бар. Осылайша, формальді – динамикалық қасиет адамзат іс – әрекетінінің барлық түрлерін сипаттай отырып, әлемде жоғалмай тұрақтылықты сақтай алады, ал заттық – мәндік – өзіндік өзгеру арқылы айналадағы ортада әр түрлі нәрселерге жауап бере алады.
3. Жалпыланған туа біткен программа үш бағыт бойынша жүреді. Бірінші бағыт – мінез – құлықтың динамикалы – энергетикалық сипаттамалары (төзімділік, пластиттік, жылдамдық). Екінші бағыт – эмоционалды сипаттамалар (көңіл – күйді басқаратын сезімталдық, лабильділік). Үшінші – қалауы (когнетивті стильдің, стимулды ортаның). Осылайша, өмірлік тұрақтылық, сезімталдық, алуан түрлілікке ұмтылыс немесе адамның бір сарынды өмір барысында мүлде өзгермейтін, тұрақты қасиеттерін білдіреді.
4. Формальді қасиеттер (дәстүрлі түрде жалпы Темперамент түсінігімен бірігеді) оқшаулана өмір сүрмейді, ал тұлғаның жоғарғы ұйымдасқан құрлымына енеді. Бұл жағдайды В. С. Мерлин иерархиялы жүйе ретінде берген индивидуалдылық анықтамасына жатқызуға болады.5. Формальді – динамикалық сипаттамалар іс – әрекеттің шарты мен алғы шарттары ретінде ғана көрінбейді, сонымен қатар оның динамикасына, өзіндік әртүрлілікке, стильіне әсер етеді, яғни іс – әрекеттің соңғы нәтижесін анықтайды. Осылайша, формальді – динамикалық қасиеттер іс – әрекет стильін таңдауда біршама еркінділікті білдіреді, осымен оның мүмкін болатын өнімді шекарасын қалыптастырады.

2. Индивид, тұлға, даралық
Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К. А. Абульканова – Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін әлеуметтік индивид түснігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік – мәдениленген салаларын ережеге сай детерминациялай алмайды. Ал тұлға – мәдени – тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық, және сапалылық қасиеттерін шегеріп оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz