Асқар Жұмаділдаев: Мені емтихан кезінде, сосын ақша сұрау үшін іздейді. Мать Тереза емеспін ғой

0

Математик Асқар Жұмаділдаев достыққа қатысты пікір білдірді. Сұхбаттарының бірінде ол достың адамды көмек сұрау үшін, қарызға ақша алу үшін іздейтінін айтқан-ды.

— Дос деген қарыз алып, қайтармай қою үшін керек деп айтыпсыз.

— Ондай әңгіме де болған, ол рас. Факті ретінде мойындаймын.

— Неге? Достық деген ең жақын бауырлық емес пе? Әлде сізде дос жоқ па?

— Бауырым, менде дос бар, жетеді. Қазір өмірі осындай қияли әңгімелерге үйір болады. Дос деген киелі, қасиетті ұғым. Ол «махаббат» деген сөз сияқты ғой. Бірақ мен барлығына реализм тұрғысынан қараймын. Ол —тақырыпты айқындау үшін, бедерлеу үшін айтылған әңгіме. Мысалы, мені емтиханның кезінде, сосын ақша сұрау үшін іздейді. Бәрі «Ойбай, ақша берші. Ертең бүйтем-сүйтем, қайтарамын» дейді. Бірақ ешқайсысы қайтармайды. Мен мать Тереза емеспін ғой.

Жұрттың бәріне қайырымдылық жасай беретін. Мен Иса пайғамбар емеспін. Жұрт алған ақшаны қайда жұмсайды дейсің ғой? Сол ақшаны алады да, баласының, қызының үйлену тойын жасайды. Сосын мен берген шапанымның қайтпайтынын біліп, қойшы деп қоя саламын. Бірақ оған да қарсы емеспін. (…). Бала-шағаң бар еді ғой десең, олар ажырасып кеткен дейді. Семьясы жоқ, ажырасып кеткен. Бірақ қарыздарын өтеп жатыр. Сол үшін алдымен ойласайшы деймін.