әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Бейсенбіде Қарағанды әуежайының маңында МиГ-31 ұшағы құлады. Әлеуметтік желі қолданушылары ұшақтың апатқа ұшыраған сәтін видеоға түсірген

АЛМАТЫ, 17 сәуір –Sputnik. Төтенше жағдай 16 сәуірде кешке Қарағанды аэродромының оңтүстігінде болды. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан. Әуе апатының видеосы Instagram, Telegram желісінде жарияланып жатыр.

Мәселен @e.karaganda Instagram парақшасында әуе апатының бірнеше видеосы жарияланды.

Сонымен қатар ұшақтың құлаған сәтінің видеосын @kris_p_kz, @rozysk.kz., @Jexen News сияқты танымал Instagram-парақшалар жариялады.

Қозғалтқыш өртене бастаған кезде ұшқыштар ұшақты елді мекеннен бүрып, жазық далаға бағыттаған. Экипаж тұрғындарға қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін катапульта жасаған. Қазақстандықтар осы сәтті де видеоға түсіріп алыпты.

Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екінші әскери орташа ауыр жағдайда жатыр. Тірек-қимыл жүйесінің жарақаттары, мидың шайқалуы, жеңіл дәрежедегі күйік бар. Ұшқыштар қажетті ем алып жатыр.

Өз кезегінде Facebook пайдаланушысы Владимир Северный зардап шеккен ұшқыштармен таныс болғанын мәлімдеді.

«Офицерлер Иван Гаврилко мен Арман Құрманғалиевті танимын. Подполковник Арман Құрманғалиев жоғары дәрежелі штурман. Кәсіби маман. Өзіне де, қоластындағыларға да талапшыл. Барлығын дұрыс істеді. Басшының бұйрығы бойынша, ұшақты үйлерден алыс жаққа әкетіп, катапульта жасады», — деп жазды ол.

Қорғаныс министрі әуе апатын тексеру жөніндегі комиссия тағайындады. Комиссия жұмысына кірісіп, ұшақтың апатқа ұшырауының ықтимал себептерін атады. Оның ішінде әуеде ұшақтың істемей қалуы және сыртқы факторлардың әсері, адам факторы да қаралады.

Айта кету керек, Қазақстанда МиГ-31 ұшақтарының ұшуы тоқтатылды. Олар әуе апатының қорытындысы шығарылғаннан кейін қайта ұшатын болады.



sputniknews.kz