Ашылып жауап беруі үшін. Енді зорланған құрбандардың ісін әйелдер тергейді

0
51
Сурет: elgezit.kg

Ішкі істер министрлігінің бастығы Ерлан Тұрғымбаев әйел қызметкерлерге жыныстық қылмыстардан зардап шеккендермен жұмыс істеу  бойынша тренингтер өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамда пікірталас тудырған мәселенің бірі – осы зорлық-зомбылық қылмыстарының толық ашылмауы болатын. Оған белгілі қоғам мүшелері қорлық көрген әйелдер мен қыздардың тергеушілер сұрағына ашылып жауап бермейтіндігі себеп деген болатын.

Енді әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды әйел тергеушілер тексеретін болады.

Ішкі істер министрлігінің басшысы осындай қылмыстарды тергеуге қатысатын тергеушілердің мамандандырылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әйел қызметкерлерге жыныстық қылмыстардан зардап шеккендермен жұмыс істеуге оқыту мен тәрбиелеуді тапсырды.

«Бұл жұмысты жүргізуге  тәжірибелі жауапты қызметкерлерді бөлу, зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау бағдарламасын кеңінен қолдану мен жеке ақпараттың құпиялығын қатаң сақтау қажет», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету