Асановтың әлегі: «Кублей» зауытына қатысты министрлік жауап берді

0

«Жаңа Қазақстан» сөз жүзінде қалып отыр. Себебі, әділдік іздеген өндіріс ошағының өкілдерінің бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Заңгердің айтуынша кеше ғана қызметінен кеткен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов жалған мәліметті тексерместен соттың шешімін бұзған. Зауыт қасына заңсыз салынған үйдің иелері «күштінің арты диірмен тартадының» керін келтіріп отыр дейді зауыт өкілдері.

Ал, министрліктің айтуынша «Кублей» ЖШС зауыты жабылуы ол шикізаттың жеткіліксіздігімен, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуі төмендеуімен елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді.

Даудың басы 2020 жылы «Кублей» зауытының жанынан әкімдіктің «Циолковский» тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бергенінен басталған. Әкімдік 2014 жылы Үкімет бекіткен қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп, 2020 жылдың мамыр айында зауыттың санитарлық қорғау аймағынан көпқабатты тұрғын үй салуға рұқсат беретін қаулыны шығарып жіберген. Заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, өндірістік аймақты тұрғын үй салатын жер деп өзгертіп, өтіп кеткен уақытпен заңдастырмақ болған.

2020 жылы тұрғын үй құрылысы басталған сәттен бастап, «Кублей» зауытының өкілдері әкімдікке, прокуратураға, мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесіне, қалалық, облыстық сотқа арыз түсірген. Соның нәтижесінде облыстық сот 2020 жылдың 28 желтоқсанында сол кезде Орал қаласының әкімі болған Абат Шыныбековтің шығарған қаулысын негізсіз деп таниды. Десе де, соттың шешіміне қарамастан, бірнеше аптадан кейін БҚО әкімдігіне тікелей қарасты мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау мекемесі «Ирменова» жеке кәсіпкерлігіне құрылыс жұмысын монтаждауға рұқсат береді.

Алты ай уақыт бойы талап-арыз түсірген «Кублей» зауытының өкілдері амалдың жоғынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне шағымданған. Министрлік ұйғарым шығарып, соның негізінде тексеріс ашылыпты. Содан бері осы уақытқа дейін іс сотта қаралып келеді.

«Кублей» ЖШС – 30 жылдық тарихы бар ет, балық және көкөніс консервілерін өндіретін ірі отандық кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның ет және ет-өсімдік консервілерін өндірудегі үлесі 65% құрайды. Осылайша, бұл кәсіпорын ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар тек Қазақстанды ғана емес, оны Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға және т.б. экспорттайды. Бүгінгі таңда консервілеу зауыты 100-ден астам консервілеу өнімдерін шығарады: ет, ет және көкөніс, балық, деликатес, жеміс-көкөніс консервілері, тауық консервілері, дайын түскі ас және сүт консервілері. Оның қуаты-бір ауысымда 200 мың банка консервілер. Батыс Қазақстан облысының 3 мыңға жуық шаруа қожалығы кәсіпорынға ет жеткізеді», -деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Енді судья шешім шығарудың орынына тараптарды татуластыру сатысына өтеміз, шешім шығарылмайды, бұл іс қоғамда үлкен резонанс алды, сондықтан да татуласу керек дейді. Біліп тұр, соттың шешімінен кейін не арба сынады, не өзгіз өледі. Бұл жерде бейтарап шешім жоқ. Өйткені Орал қаласы әкімінің қаулысы заңсыз шығарылған. Уәкілетті органдардың келісімі жоқ. Егжей-тегжейлі жобасы Орал қаласының бас жоспарына сәйкес болуы керек. Сәулет-қала құрылысы туралы талаптарға сай өнеркәсіптік аумақтарда тұрғын үй салуға тыйым салынған. Заңның аты заң ғой енді деген пікірін айтты заңгер.

«Қоршаған ортаны қорғау схемасы жоқ, егжей-тегжейлі жоспарды дайындау тапсырмасы жоқ, негізгі уәкілетті органның қорытындысы болуы керек, 8-9 уәкілетті органның келісімі болуы керек, қала құрылысының топографиялық суреті болуы керек, қала құрылысы зоналарын растайтын жоспар болуы керек. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы керек, экологиялық сараптаманың қорытындысы болуы қажет. Ешнәрсе жоқ”,- деді заңгер Бақытжан Базарбек.

Заңгер Б.Базарбек заңсыз қаулыны 2020 жылы Орал қаласының әкімі болған Абат Шыныбековтың шығарағанын айтты. Сондай-ақ, екі жылдан бері созылып келе жатқан іске қатысы бар деген өзге де лауазымды тұлғалардың атын атады.
«Орал қаласының әкімі болған, қазір БҚО әкімі аппаратының жетекшісі Абат Шыныбековтың, БҚО әкімі Ғали Есқалиевтың үстінен, Орал қаласы әкімінің орынбасары Асхат Күлбаевтың үстінен іс қозғаймыз. Біз бостан-босқа қалдырмаймыз бұл істі», — деді заңгер.

ЭЕС ЖОҒАРЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ ЖАҚЫП АСАНОВ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТТІ ТЕКСЕРМЕСТЕН СОТТЫҢ ШЕШІМІН БҰЗҒАН

Сонымен қатар, заңгер кеше ғана қызметінен кеткен Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың жалған мәліметті тексерместен соттың шешімін бұзғанын айтты.

Сот жүріп жатқанда Жоғары сот төрағасы Жақып Асановқа тұрғын үйдің иелері арыз берген. Төраға сотта үшінші тараптың пікірі тыңдалу керек деген ұсыныс жібереді. Сондай-ақ, ол ұсыныста зауыттың негізгі бөлігі бұл аумақта емес, қаладан тысқары орналасқан деп көрсетіледі.

«Жақып Асанов жалған мәліметтерге қарамастан, мәліметтерді тексермей кассациялық инстанцияға ұсыныс береді. Сол ұсыныстың нәтижесінде біздің пайдамызға шығарылған облыстық соттың заңды шешімі бұзылады. Сөйтіп, осы қазір болып жатқан сотқа түседі.

Біздің ақпаратымыз бойынша, Асановтың ұсынысын дайындаған оның кеңесшісі және секретариаттың басшысы. Өндістегі судья тиісті қорытынды берді. Бірақ оны қабылдамай қойып, Асанов өзі ұсынысқа қол қойып жіберген.  Өзінің ұсынысында ол «Кублей» зауытының қазір тұрған жерінде әкімшілік ғимарат пен бір ғана цех бар деп көрсеткен. Ал зауыттың өзі қаланың сыртында делінген. Бұл жалған мәлімет.

Оның бәрін біз соңына дейін зерттейміз. Бұл іске қатысты бәрінің аты-жөндерін білеміз. Асановтың өзі Жоғары соттың төрағасы бола отырып, қалай қол қойып жіберген?!

Біреу арам пиғылмен жалған мәліметтерді ұсынысқа енгізсе, шынайылыққа сәйкес келмесе не үшін Жоғары соттың төрағасы болып отыр?», — деді заңгер Бақытжан Базарбек.

«Кублей» зауыты соңғы үш жылда бюджетке 5 миллиард 652 миллион теңге салық төлеген.

«Кублей ЖШС зауыты жабылуы ол шикізаттың жеткіліксіздігімен, ішкі нарықты ет өнімдерімен қамтамасыз етуі төмендеуімен елдегі ауыл шаруашылығының жұмысына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар экспортқа шығарылатын тауарлар төмендеп, импорттық тауардың ішкі нарықта көбеюіне әкеліп соғады. Зауыттың жабылуының нәтижесінде 700 адам жұмыссыз қалады. Сондай-ақ отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетеді»,-дейді министрлік.

Біз аталмыш әділетсіздікке ел президентінің назар аударып, өзі уәде еткен Әділетті Қазақстанның орнап жатқанына кепіл болады деп үміттенеміз.