«Асанәлі ағаға не жетпейді»: Еркебұлан Дайыров театр туралы шындықты айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал қазақстандық кино және театр актері Еркебұлан Дайыров театр өнері туралы пікірін бөлісті. Өнердегі ұстазы Асанәлі Әшімовті мысалға ала отырып, театр өнерінің жанға ерекше ләззат сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап.  

Еркебұлан Дайыров

«Сахнадан алатын әсер мен ләззат бөлек. Иә, жасыратыны жоқ – ақшасы аз, машақаты көп. Бірақ өзіңнің жеке жан ләззатың үшін керемет. Ешқандай ақшаға айырбастай алмайтын дүние десек те болады. Егер сахна актер үшін соншалықты керемет болмаса… «Асанәлі ағамыз не істейді театр сахнасына шығып? Не жетпейді?» деп ойласаң, сахнадан жан ләззатын аласың, өзіңнің тірі адам екеніңді сезінесің, айтар ойыңды, пікіріңді ойнап жатқан рөлің мен монологың арқылы жеткізесің» — дейді актер.

Әрі қарай Еркебұлан Дайыров театрда жалақының аз екеніне қарамастан, көп жұмыс істеу қажет болатынын айтты. Дайындық барысында денсаулыққа да зиян келетініне тоқталды.

«Екі ай арқа етің арша, борбай етің борша болып, денсаулығыңды сарп етіп жасаған образыңа, жұмысыңа халық премьерада екі минут тұрып қол соғады. Осы сәттегі әсерді айтып жеткізу мүмкін емес», — дейді Еркебұлан Дайыров.

stan.kz