Президенттікке кандидаттар отбасының табысын көрсетуі тиіс

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Декларация 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тапсырылуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенттігіне кандидаттар мен олардың жұбайлары кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген. Президенттіккке үміткерледі ұсыну 2019 жылдың 10 сәуірінен басталып, осы жылдың 28 сәуірінде сағат 18:00-де аяқталады.

Үміткер ретінде тіркелу үшін әр кандидат өзінің және жұбайының кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны жөніндегі мемлекеттік кіріс органының анықтамасын көрсетуі тиіс. Декларация 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тапсырылуы тиіс.

Сонымен қатар, кандидаттардан денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды талап етіледі.

Кандидаттарды тіркеу осы жылдың 11 мамыры сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Дауыс беру 9 маусымда жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс беру аяқталған кезден бастап сайлау учаскелерінде 12 сағаттан кешіктірмей дауыстарды санау жүргізіледі.

Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және Орталық сайлау комиссиясына екі күн мерзім ішінде (11 маусымнан кешіктірмей) жеткізіледі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз