Аса қауіпті қылмыскерге іздеу жарияланды

0

Алматы облысының полиция қызметі аса қауіпті қылмыскерге іздеу жариялайды, деп хабарлайды ЭК.

Алматы облыстық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі бірнеше ауыр қылмыс жасаған аса қауіпті қылмыскер — 1983 жылы туған Балтабаев Ринатқа іздеу жариялайды, деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қылмыскердің ерекше белгілері: Бойы 160-170 см. Арықша денелі, алдыңғы күрек тістері жоқ, шәші мен көзі қара түсті.

Іздеудегі адамды танитындар немесе оның қайда жүргенін білетіндер болса: +7 775 157 22 22, +7 702 712 79 22 телефондарына немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.