«Аса қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым»: Б.Тілеухан қарғаған жігіт кешірім сұрады

0

Осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желілерде «Бекболат Тілеуханның қарғыс тізімінде тағы кімдер бар?» деген  жазбалар тарала бастады. Бұған арқау журналист Серік Боқанның министрді сынап жазған посты еді.

Мәжіліс депутаты Б.Тілеухан журналистке:

«Аллаһ сенің жаныңды күйдірсін! Жаныңды шыжғырсын!», «Параличь жіберсін!», «Аяғыма жықсын!», «Қияметте жағаңнан алам!» деген сияқты ауыр-ауыр сөздер айтып, қарғыс жаудырған. «Қарғыс списогында» біраз адам бар екенін, солардың тізіміне қосатынын да қадап ескертеді.

Серік Боқанның Бекболат Тілеуханды сынап жазған постына ілесіп, аттасы Серік Аббас-шах та пост қалдырып, елді дүрліктірді.

Бүгін журналист Серік Боқан Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрады. Бұл туралы ол өз facebook парақшасына жариялады.

«Аса қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым! Мен байғұсты құдай ұрып қалды. Кешіре көрші, Бек-аға! Қиналған кезде бәріміз өзіңді пана тұтып алдыңа баратын ек. Бетімізді қайтарған кезің аз. Сіздің арқаңызда қажыға бардым. Қаржылай көмек беріп бақтыңыздар. Мен білмеппін. Қытай мен Өзбекстаннан, Мұңғұлиядан бас-аяғы 185 отбасын әкелгеніңізді. Осы коронавирустың кезінде 23 млн. теңгеге халыққа жәрдем етіпсіздер. Мұсылман болған соң рия қылып жария етпепсіздер. Кейін білдім.

Мені шайтан түртті. Күйсеңіз күйгендей-ақ екен. Теріс батаңызды қайтып алыңыз, Аға!!! Ұйқым бұзылып, жаным қиналып бастады. Қиянатымды кешіріп, іні қалпымда жаныңыздан аластамаңызшы! Алдына келсе, атасының құнын кешетін тектінің тұяғы едіңіз ғой! Мен жаңылдым. Сіз кешіре көріңіз! Сәлеммен Серік Боқан бауырыңыз».

Кейін Б.Тілеухан да Серік Боқанды кешіргенін жазды.