«Аса ауыр». Біржан Хасанғалиев әкесінің жағдайын айтты
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біржан Ескендірұлының айтуынша, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайына дәрігерлер «аса ауыр» деген баға беріпті.
«Әкемнің жағдайына қатысты дәрігерлер кейінгі төрт күндегі көрсеткіштерге сүйеніп, «аса ауыр» деген баға беріп отыр. Осыдан екі жарым жыл бұрын әкем жүрегіне күрделі ота жасатқан болатын, соның да әсері бар ма деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, қазір ИВЛ (жасанды тыныс алдыру аппараты — Авт.) аппаратына қосылған. Алайда дәрігерлердің айтуынша, алдағы 5-6 күн ішінде жағдайы жақсарып қалуы мүмкін. Бүкіл халық болып әкемнің тілеуін тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр, содан болар өзімізде де сенім пайда болды. Қазақ «Көптің тілеуі көл», деп бекер айтпайды», — деді Біржан Хасанғалиев.