Әнші Мұқасан Шахзадаев қызметке тағайындалды

0
1169
Мұқасан Шахзадаев

«Нұр-Мұқасан» тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев «Алматы әуендері» мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.

«Әнші Мұқасан Шахзадаев «Алматы әуендері» мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды», — деп мәлім етті Алматы қалалық Мәдениет басқармасынан.

Мұқасан Шахзадаев — 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.

1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін тәмамдаған.

1990 жылы «Нұр-Мұқасан» дуэтін құрып, сол топта осы 25 жыл өнер көрсетті.