Арыстық полицейлер жалғызбасты аналар мен мұқтаж отбасыларға қол ұшын созды

0

Арыстық полицейлер жалғызбасты ананың алғысын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық тәртіп сақшыларын өзгелерден ерек етіп көрсететін асыл қасиеттерінің бірі — қайырымдылық. Полицейлер қиын да қауіпті жұмыстарынан уақыт тауып, арасында қаражаттарын жинақтап көпбалалы, аз қамтылған отбасылармен жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдан келгенше қолдау білдіреді.

Олардың жоғын түгендеуге сәл де болса, көмек көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыстар олардың назарынан тыс қалған емес. Мысалы, Арыс АПБ-ның бастығы Нұрлан Исабековтің бастауымен, жеке құрамның қолдауымен кезекті игілікті іс атқарылды. Полицейлер тұрмысы төмен, жұбайы 2-3 ай алдын қайтыс болған, мүмкіндігі шектеулі баланы қарап отырған жалғызбасты ананың үйіне бірінші кезекте қажетті азық-түліктер апарып берді.

Оған қоса, кішкене де болса қаржылай көмек көрсетті. Өз кезегінде Арыс ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларының ниетіне алғысын білдірді.

«Сіздерге Алла разы болсын! Маған, екі балама көмек қолын созып, күнделікті тұтынуға арналған азық-түліктер әкеліп бергендеріңізге. Жұмыстарыңыз алға бассын! Тек абырой биігінен көрініңіздер», — деп атап өтті.