Қарағандыда ұры «звондап алайын» деп, кейін телефонмен қашып кеткен

0
125
Сурет: driesel

Тәртіп сақшылары алдау арқылы біреудің телефонын алып кеткен күдіктіні Қарағанды қаласында қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 55 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші арызында одан белгісіз біреудің шұғыл қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұрап алып, кейін біреумен сөйлескендей кейіп танытып, қашып кеткені туралы жазған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Ол қылмысын мойындады.

Ұялы телефон иесіне қайтарылды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.