Арыс тұрғындары 28 маусым күні үйлеріне жіберіледі

0
95

Арыс тұрғындары 28 маусым күні Шымкенттен үйіне жібереді, деп хабарлайды Stan.kz.

Арыс тұрғындары 28 маусым күні үйлеріне жіберіледі

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Облыс басшысы тұрғындарды көшіруге арнайы автобустар жүретінін мәлімдеді. Қаланың өзін таңертеңгі сағат 8:00-де ашады.

«Мен қазір ғана премьер-министрмен, қорғаныс министрімен сөйлестім. Ертең таңғы 8:00-де қала ашылады. Автобустар таңға 6:00-ден бастап осында болады», – деді Шөкеев.

Шөкеев сабырға келіп, бірлікте болуға шақырды. Тұрғындарға үй салып беретінін мәлімдеді.

«Арыстан үй салып береміз. Сосын оны сатасыздар ма, тұрасыздар ма, өздеріңіз шешесіздер. Арандатуға жол бермейік. Арыста радиация деген жоқ», – деді өңір басшысы.

Айта кетсек, маусымның 27-сі күні, шамамен сағат 11 кезінде Арыс тұрғындары Шымкенттегі «Бекжан» базары мен «Ақмешіт» мешіті алдындағы көшені жапты. Олар Арыс қаласындағы жарылыстан кейін аталған мешітті уақытша паналап жатқан болатын.

Бұған дейін Шөкеев Шымкентте наразы халықпен кездесіп, мән-жайды түсіндірген еді.

Шымкент қалалық әкімдігінің шенеунігі наразы халықты мешітке қарай шақырғанымен, жұрт оған бағынудан бас тартты. Әкімнің келуін күтетінін, үй мен жер беруін сұрайтынын жан-жақтан айтты.

stan.kz