Арыс қаласында жойқын жарылыс болды

Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Бүгін сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өртке ұласқаны туралы хабар түскен.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру көлігі аттанды.
Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.
Желіде куәгерлер түсірген видео жарияланған.
sputniknews.kz