ШҚО-да анасы ұлын жәрдемақы үшін пайдаланып, кейін балалар үйіне өткізген

0

Өскемен тұрғыны балалар үйіне өткізген баласын қайтарып алып, атаулы көмекті алған соң баласынан қайта бас тартқан. 

ШҚО-да анасы ұлын жәрдемақы үшін пайдаланып, кейін балалар үйіне өткізген

Карима Нұрзада (есімі өзгертілді) ата-анасыз өскен. 18 жасқа толғанда әлеуметтік қорғау органы оған бөлме алып береді. Бойжеткен құрылыс бригадасына жұмысқа орналасады. Кейіннен ішімдікке салына бстайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Карима бірінші баласын некесіз туып, әжесіне берген. Тапқан табысын ішімдікке жұмсағандықтан әжесі немересін өзі бақты. Карима тағы бір жігітпен кездесіп, олардың 3 баласы болды. Екеуі де ішімдік ішіп жүрді. Отбасы сол бұрынғы бөлмеде тұрды. 

Ұлы Кәрім мектепке баратын кезде бәрі анық болды. Ата-ана құқығына 6 айға шектеу қойылады. Анасы оған келмейтін болған. Әжесі жасына байланысты баланы қарауына алуға құжат рәсімдей алмайды. Сондықтан Кәрімді уақытша балалар үйіне алдырады.

Бірнеше ай бұрын Карима ата-ана құқығын шектеуді алуды сұрап, сотқа арызданады. Ол ұлын отбасына қайтарғысы келетінін айтады. Сот шешімімен бала анасына беріледі. Бірнеше уақыттан соң әйел ұлынан қайта бас тартады. Онымен тіл табыса алмайтынын, өзге балалары да сөйлесе алмайтынын айтады. Ешқандай мәмілеге келмейді.

Кейіннен оның ұлын қайтарған соң атаулы әлеуметтік көме алуға өтініш жазғаны анықталды. Жәрдемақы алған соң баласын қайта балалар үйіне берген. 

Айта кетейік, 2019 жылы күнкөріс деңгейі 50-70 пайызға дейін көтерілді. Табысы күнкөріс деңгейінен 70 пайызға төмен көпбалалы отбасылар, яғни бір адамға шаққанда 20 788 теңгеден төмен алатындар жәрдемақы алады. Әр балаға 20 789 теңге төленеді. Жаңа ережеге сәйкес, баланың шәкіртақысы, мүгедектікке берілетін жәрдемақы мен өзге арнайы жәрдемақылар табыс көзі ретінде саналмайды.

stan.kz