Арыс қаласында карантиннен қашып кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен адамға қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

10 наурызда Шымкент қаласының тұрғыны Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Осы рейстің жолаушыларының бірінде короновирус анықталуына байланысты, Арыс қаласының жедел жәрдемінің көмегімен ер адам 14 күнге карантинге жіберілді. Ол Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар госпиталіне орналастырылды, алайда кейіннен қашып кеткен.

Полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапқан және ауруханаға қайта жеткізген. 

Белгілі болғандай, ол Вьетнамда жұмыс істеп, короновирустың салдарынан Алматыға Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Бұл фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Бұған дейін Қарағанды қаласының екі тұрғыны мәжбүрлі түрде карантинге жатқызылғаны хабарланды.

stan.kz