«Арықтауға жарыма деген махаббат көмектесті»: Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан қалай қиналғанын айтты

0

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан қалай қиналғанын айтып, оқырмандарына кеңес берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақ салдарынан тіпті терең күйзеліске түскен кездері болғанын жасырмады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында айтып берді.                  «Бойжеткен, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ, – дейтін. Біріншіден, әдемі киінгім келеді. S, M өлшемді киім кигің келеді, ал саған XXL бергенде көңілің кәдімгідей жабырқайды. Жасың небәрі 20-да болып, саған 35 бергенде, тіпті көңілің түседі. Сол себепті терең депрессияға түскен кездер де болды. Артық салмақтан арылуыма ең бірінші кезекте махаббат көмектесті. Өмірге деген махаббат, болашақ жарыма деген махаббат. Мен тырысамын, ол менің қолымнан келеді. Сол сияқты барлық адамның қолынан келеді. Ең бастысы, әр дүйсенбі бастау емес, дәл қазір бастау. Өзіңді жақсы көре бастау. Өзіңе не керек екенін анықтап, жаза білу», — деп жазды ол.