Лаоста кепілге алынған қазақстандық қыз босатылды

0
66

Жұмысқа орналастырамыз деген халықаралық алаяқтардың құрбаны болған Анель Бермағанбетова босатылды. Бұл туралы қыздың ағасы Қанат Бермағанбетов мәлім етті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Анельдің босатылғаны туралы ақпаратты растады.

Ағасының айтуынша, енді Анельдің бостандығы мен өміріне қауіп жоқ. Оны отбасы үйінде күтіп отыр.