Арықтау үшін қандай тағам жеу керек

0
89

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Диетолог артық салмақтан арылу үшін таңғы аста не жеуге болатынын айтты. Ол сусын таңдау да маңызды екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Австралиялық диетолог Сьюзи Баррел арықтауды армандап жүргендер ақуызы бар таңғы ас жеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды «Известия».

Мұндай таңғы ас таңертең қандағы глюкоза мөлшерін қалыпты ұстап тұруға көмектеседі.

Маманның айтуынша, көкөніс қосып қуырған жұмыртқа, ысталған ақсерке балығы, авокадо және  тұтас дәнді нан жеген дұрыс.

Тағы оқыңыз: Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр – ғалымдар ескерту жасады

Сондай-ақ, бұл тамаққа жасұныққа бай азық-түлік қосуға болады.

Бұдан бөлек, күнде таңертең 300–500 миллилитр су ішуді әдетке айналдыру керек. Көк немесе шөп қосылған шай ішкен жөн.

Барреллдің айтуынша, сүт қосылған кофеден бас тартқан жөн. Өйткені ол сусынның калориясын арттырады.



sputniknews.kz