«АрселорМитталТеміртауға» 1,3 млрд теңге айыппұл салынды
Қарағанды облысы бойынша МКД компаниядан аванстық төлемдер сомасын төмендету фактісін анықтады, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 2017 жылғы мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасының кемітілгені анықталды.
Осыған байланысты ҚР ӘҚБТК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына әкімшілік материал жасалды. Материалдар әкімшілік сотқа берілді.
фото: ortcom.kz