«Арнау айтқан әншілер қайда»: Дикий Арманның ақшасы жақсы, өзі жаман ба?
«Дикий Арманның ақшасы жақсы, өзі жаман ба?» деп қынжылған facebook желісінің қолданушысы Айсұлтан Жақыпов жазба жариялады.
«Дикий Арманның ақшасы жақсы, өзі жаман ба? Дикийдің алдында ән салып, арнау айтқан 4-5 әншісымақтың, ақындардың парақшасын ақтардым. Қолдау пост жазбаған секілді ешқайсы.
Не үшін шашты сонда ақшаны?!
Тіпті жұмсақтап бірдеңе жаза салса болады ғой. Әй, әртістер-ай… Әртіссіңдер ғой…» — деп жазды ол.