Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды

0

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің отырысында айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.