Арнайы дайындық қажет емес – астаналықтарға жұмыс ұсынылды

0
86

Елорда әкімдігі қоғамдық жұмыстарға адам қабылдай бастады. Жалақы көлемі 73 100 теңге шамасында болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Елорда әкімдігі қоғамдық жұмыстарға адам қабылдай бастады. Суға шомылу маусымы аясында ақша табуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, қоғамдық жұмыстың негізгі мақсаты – жағажайларда патруль жасау және халықтың қауіпсіздігін бақылау. Құтқарушылардың айтуынша, ондай жұмысқа арнайы дайындықтың қажеті жоқ.

«Жағажай патрулі кезекпен жұмыс істейді. Ал жалақының көлемі – 73 100 теңге. Қызығушылық танытқан тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына шақырамыз. Суға шомылу маусымы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесіңізді қоса аласыз», – дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Алматы көшелері мен аулаларын жаяу аралайтын полицейлер саны артты

Айта кетейік, халықты жұмыспен қамту орталығы Бейбітшілік көшесі, 25 (кабинет 202/2) мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефондары: 8 7172 55 89 35, 8 778 577 46 92.



sputniknews.kz