Әріп танымаған бүлдіршіндерді ұрған тәрбиеші шатылып жатыр

0
62
Advertisement

Сабақ өткен жылдың күзінде өткен, бірақ видео желіге тек бүгін ғана түскен.

Ақтөбе облысының Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында дау туды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер бұл мекемеде тексерулерін бастап кеткен.

Бадамша ауылындағы балабақша тәрбиешісінің сабақ үстінде балаларды нұқып, құлағынан сүйреп жүрген бейнеролигі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Үлкен топтың бүлдіршіндерінің әріп танымағанына ашуланған апайлары айқайдың астына алуда. Бұл роликті көрген ата-аналар таң атысымен балабақшаға ағылған. Тәрбиеші олардың көзінше арыз жазып, меңгеруші де жұмысынан кететінін мәлімдеді. Дегенмен, Қарғалы ауданының әкімдігі мен тәртіп сақшылары олардың жазасыз қалмайтынын айтады. Аудандық әкімдік жанынан арнайы комиссия да құрылыпты.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз