Ардақ Байғабыл: «Қазақстанда журналистердің 50 пайызы – лесби-гейлер!»
Бүгін «Намыс» жастар қозғалысы Алматыда дөңгелек үстел өткізді. Жиынға журналистер, заңгерлер, өнер адамдары, психологтар қатысты. Көтерілген мәселе – Қазақстандағы ЛГБТ қозғалысының ұлт болашағына зияны.
Жиында сөз алған спикерлер ойын ірікпей айтты. Мәселен, журналист Ардақ Байғабылдың пікірінше, Қазақстандағы журналистердің 50 пайызы – лесби және гейлер. Бұл туралы Nege.kz сайты жазды.
«Ресми түрде мәлімдеймін, Қазақстандағы журналистердің 50 пайызы – лесби және гейлер. «Қазақ радиосынан» жұмыстан кеткен себебім де осы. Билікте де гейлер мен лесбилер аз емес!», – деді журналист.