Араға 35 жыл салып: Павлодар облысында екі тұрғын перзентханада ауысып кеткенін білді

Сурет: Stan.kz
Павлодар облысының екі тұрғыны өзінің перзентханада ауысқанын араға 35 жыл салып бір-ақ білген. Шындықты естіген соң Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов биологиялық ата-анасымен жүздесті. Аталған оқиға сотта қаралды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Оқиғаны журналист Салауат Игіліков желідегі парақшасында бөлісті.
Ержан да, Нариман да бала күнінен өзінің ата-анасына мүлдем ұқсамайтынын айтқандардың көп екенін айтады. Десе де олар бұған мән бермеуді жөн көрген. Артынша кейінгісі ДНҚ тест тапсыруға шешім қабылдайды. Тест қорытындысы бойынша әке-ана деп жүрген адамдарының 99,99% бөтен адамдар екенін біледі. Бұл жайтты естіген ата-анасы да аң-таң болған.

Сурет: Stan.kz
«Әрине, мені тәрбиелеген адамдарға деген көзқарас бір сәтке де өзгерген жоқ. Олар қалай болса да менің әкем мен анам болып қала береді. Биологиялық ата-аналарым бейтаныс адамдар арасында өзіңдікіндей немесе өз адамдарың арасында бөтен адам сияқты.

Сурет: Stan.kz
Мен мұны басқаша айтып жеткізе алмаймын, тіпті бәрін қалай сипаттайтынымды да білмеймін. Жалпы жағдай туралы айтсам, мен үлкен соққы алдым. Өмір бойы бөтен ата-аналардың тәрбиесінде болу, оны кейін білу — қиын нәрсе екен. Менің ойымша, сот бәрін шешеді, ал мамандар болған жағдайдың барлығына заңды бағасын беруі тиіс», — Ержан Қуанышев.