Ақбота Сейітмағанбеттің хиджабсыз суреті жұртты шулатты

0
160
Сурет: instagram.com/akbotanurabaykyzy/

Күні кеше ақ орамал тағып, ұзын көйлек киіп оранған Ақбота Сейітмағанбет бұрынғы стиліне қайта оралды. Көпшілік әншінің бұл әрекетін түсінбей қалғанын айтады. Әнші мұны сезсе керек, парақшасында пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойған екен.

Бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған әнші өзінің әдеттегі стиліне қайта оралды. Сынның көп айтыларын сезгендей пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп қойған екен. Десе де желідегі өзге шоу-бизнес жаңалықтары парақшасында оның әрекеті қызу талқыға түсіп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Осы орайда желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі оны қоштап, хиджабтың қазаққа тән емес екенін айтып жатыр. Ал енді екіншілері «хиджабты ойыншық қылдың» деп сынның астына алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

«Не істерін білмей жүрген адам», «Орамалмен ойнауға болмайды. Оның өзіндік қасиеті бар» , «Осылар орамал тағып қарық қылар ма еді? Бірде тағады, бірде шеше салады» , «Орамалды мазақ етті. Бұлай істегенше мүлде тақпағанын жөн еді» , «Орамал ойыншық па сендерге?», «Несі бар екен? Жас қыз, киюге әлі ерте екенін түсінген болар. Сүрінбейтін тұяқ жоқ», «Шешеді ме? Киеді ме? Өзі біледі», — деп жазуда желідегілер.

Арасында оның хиджабты тек жарнама түсірілімі үшін киді деп қорғаштағандар да бар.