Арабтар коронавирусты анықтау үшін иттерді қолдана бастады
Біріккен Араб Әмірліктері адамдардан COVID-19-ды анықтау үшін иттерді қолдана бастады.
Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.
Бірнеше сынақ өткізіліп, нәтижесінде полиция иттерінің жоғары дәлдікпен коронавирустық инфекцияны анықтайтыны белгілі болды.
«Иттер анықтаған COVID-19 жағдайларының 92%-і дәл болып шықты», — делінген хабарламада.
Үйретілген иттер көшеде патрульдеу кезінде, вокзалдар мен әуежайлар сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирус жұқтырған адамдарды анықтай алады.
24.kz