Өскеменнің бас сақшысы коронавирустан қайтыс болды

0

Дәуір Ыбыраев 2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды. Қызмет жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдеріне басшылық етті

Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы Дәуір Ыбыраев қайтыс болды. Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция полковнигі Дәуір Ыбыраев 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ведомстволық жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң Шығыс Қазақстан облыстық полициясының жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. Қызмет жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдеріне басшылық етті.

2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

View this post on Instagram

С глубоким прискорбием сообщаем, что ушел из жизни Ибраев Даур Болатович, начальник Управления полиции г. Усть-Каменогорска. Даур Болатович один из страж порядка, который находился на передовой в борьбе с коронавирусной инфекцией. 20 июня тест «Covid19» дал положительный результат. К сожалению, болезнь оказалась сильнее. Полковник полиции Даур Ибраев уроженец г. Семей, кадровый офицер, с 2000 года после окончания ведомственного вуза работал на должностях оперативно-следственных подразделений полиции Восточно-Казахстанской области. Руководил отделами внутренних дел Бородулихинского и Шемонаихинского районов. С 2016 года начальник Управления полиции г. Усть-Каменогорска. За время службы показал себя высокодисциплинированным и грамотным офицером, внес весомый вклад в осуществление профилактики правонарушений, охране общественного порядка, предупреждение и пресечение уголовных правонарушений. Своим профессионализмом, организаторскими способностями он снискал заслуженный авторитет и уважение среди коллег и граждан. Даур Болатович останется в памяти как руководитель новой формации. Он был открыт для любого жителя областного центра, которые могли обратиться к нему напрямую в любое время суток. Активно сотрудничал со средствами массовой информации. Руководство и личный состав Департамента полиции ВКО и Совет ветеранов органов внутренних дел и Национальной гвардии ВКО выражают глубокое соболезнование родным и близким безвременно ушедшего из жизни. Мы скорбим вместе с вами о безвозвратной потере.

A post shared by Новости Усть-Каменогорска (@vko.oskemen1) on

«Қызмет барысында өзін жоғары дәрежедегі маман және білікті офицер ретінде көрсетті. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты», – делінген хабарламада.

Дәуір Болатұлы кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әріптестері мен азаматтардың құрметіне ие болды, деп толықтырды ведомство.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз