Әр азамат 4 миллион теңге: Қазақстанның сыртқы қарызы туралы жаңа деректер жарияланды

0

1 қаңтардағы дерек бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 13,4 миллиард долларды құрайды. Егер бұл соманы 18,5 миллион қазақстандыққа бөлетін болсақ, онда елдің әр тұрғыны шамамен 8 832 АҚШ долларын (  1 мамырдағы бағам бойынша 3 813 189 теңгені) құрайды.

«Қазақстанның сыртқы қарызы 163,4 млрд АҚШ долларын құрады, оның 80% -ы АҚШ долларына, 4% -ы еуроға, 4% -ы теңгеге тартылды. Сыртқы қарыздың пайда болуы көбіне ірі мұнай-газ жобаларын іске асыру үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың белсенді түсуіне байланысты» дейді Ұлттық Банк.

«Қазіргі жағдайда сыртқы қаржыландыру көздерінсіз өмір сүру елді әлемдік қауымдастықтан оқшаулайды, оның экономикасы мен халықтың әл-ауқатына кері әсер етеді. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінің барлығында сыртқы қарыздар бар, оларды әрі қарай дамыту үшін қосымша қаржыландыру көзі ретінде шетелдік қаржыландыру қолданылады. Егер қарыз алушылар оны тұрақты табыс деңгейі мен өтімді активтердің болуына байланысты ұтымды өтей алатын болса, сыртқы қарыз экономикаға ауыр салмақ түсірмейді », — деді мемлекеттік банк.