Ақтөбелік келіншек УЗИ кабинетінде көз жұмды
20 жастағы келіншектің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол анафилаксиялық шок алуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Ақтөбедегі медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) кабинетінде жиырма жастағы әйел қайтыс болды.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 қазанда болған.
Медициналық орталықтың ультрадыбыстық зерттеу кабинетінде 20 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы қалалық полиция бөліміне қоңырау келіп түсті. Өлім дерегі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады «Мой ГОРОД» порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилаксиялық шоктың (қатты аллергиялық реакция) салдарынан қаза болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: «Темір көрініп тұр». Алматыда ота жасатқан әйел өз көзіне өзі сенбеді
Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 317-бабы 3-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
sputniknews.kz