Ақтөбелік еріктілер өз күштерімен көп балалы отбасыға үй салып жытр — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбедегі еріктілер ұйымының мүшелері көп балалы отбасыға үй салып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. 

еріктілерКолледждер мен университеттердің бастамашыл студенттерінің өтініші бойынша тұрғын үй құрылысына жергілікті кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар қосылды. Кейбіреулер материалдармен, басқалары қаржылық жағынан көмектесті. Қасиетті Рамазан айында басталған игі істі жастар жақын арада аяқтауды жоспарлап отыр.

Осыдан тура бір ай бұрын көп балалы ақтөбелік Қызғалдақ Еркешеваның арманы орындалды. Оның ауласында үйдің құрылысы басталды. Жақын арада балалардың өз бөлмелері, анасында – жайлы ас үй, ең бастысы – су, электр және жылу болады.

Көп балалы отбасы қазір тұратын үйінде пешті жағады, қабырғадағы тесіктерді қолда барзаттармен бекіткен. Шатырдан су ағып, терезеден жел соғады. Жиырма шаршы метрде ерлі-зайыпты мен төрт баласы жеті жылдан бері өмір сүріп келеді.

«Өте қиын. Жазда үй іші ыстық, қыста суық. Ешқандай жағдай жоқ. Ақша тек тамақ пен киімге ғана жетеді. Үлкен қызым псориазбен ауырады, дәрі-дәрмектерге көп ақша кетеді», — деді көп балалы ана Қызғалдақ Еркешева.

Еріктілер Еркешевтер отбасы туралы бірнеше ай бұрын білген. Әлеуметтік желілерде жазып, жерлестерінің көмегіне жүгінді. Ондаған ақтөбеліктер көмекке келді. Кәсіпкерлер құрылыс материалдарымен, қатардағы азаматтар – ақшамен көмектесті.

«Бұл мәселені ұзаққа созған жоқпыз және бірден демеушілер іздей бастадық. Жақсы адамдар көп екеніне көз жеткіздік. Олар өз күштерімен қабырғаларды көтерді, жақында шатырды жабамыз. Терезелерді, есіктерді қоямыз. Біздің қатарда бүгінде 60-қа жуық адам бар. Ересектер де бар, бірақ негізінен студенттер. Карантинге байланысты көптеген адамдар үйлеріне кетті, қаладағылар үнемі осында жұмыс істеуге келді», — деді волонтер Нұрбек Жалғасбаев. 

Ақтөбелік еріктілер қазақстандықтарды шетте қалмауға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырды.

 

stan.kz