Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккен екінші қыз қайтыс болды

0

4 наурыз күні Шалқар-Бозой тас жолында болған жол апатынан 9-сынып оқушысы зардап шекті.

«Аудандық ауруханаға ес-түссіз күйде, ашық бассүйек-ми жарақаты, ми ішіне қан құйылу және бас миының ісінуі диагнозымен жеткізілген 16 жастағы қыз 5 наурыз күні сағат 18:30-да көз жұмды» деп хабарлайды «Диапазон».

Бұған дейін дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын.

«Жасөспірімдер Toyota Land Cruiser көлігімен жол апатына ұшыраған. Жүргізуші кәмелетке толмаған. Ол тізгінге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген» деп хабарлады полиция.

 

Ақтөбе облысының полиция департаменті оқушының көлікті ағасының рұқсатынсыз алып кеткенін хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.