Қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген Шавкат Рахманов рекордтық сомада гонорар алды

0

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов америкалық Джефф Нилді жеңгені үшін рекордтық сомада гонорар алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Рахмоновтың аталған жекпе-жектен алған жалпы гонорары 161 500 долларды құраған. Оның ішінде 30 мың — доллары кепілді гонорар, 6 мың доллар — демеушілері бонусы — 25,5 мың долларыы — салмақ өлшеу рәсімінде сәтсіздігі үшін Нилдің гонорарының 30 пайызы, 100 мың доллары — Нил салмағын реттемегендіктен «Кештің үздік жекпе-жегі» үшін екі еселенген бонус. Еске сала кетсек, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жектен UFC 285 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді.