Ақтөбеде президенттік шырша шамын жақты

0

Ақтөбеде өткен Президент шыршасында балалардың барлық армандары орындалды.

Ақтөбеде өтіп бара жатқан жылы жетістіктерімен ерекшеленген ата-ана қамқорынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар, барлығы 202 балдырған үшін Президент шыршасы өтті.

Облыстағы балаларға арналған биылғы жаңажылдық қойылым «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» деп аталды. Мерекелік шараға облыс орталығы мен барлық аудандардан келген балалар қатысты.

Шыршаның шамдары жағылып, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауынан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының атынан әр балаға сыйлықтар табыс етті.

* Президент тапсырмасымен біздер — жергілікті атқарушы билік органдары балаларымыз сапалы білім алып, спортпен шұғылданып, өнермен айналысып, жан-жақты дамулары үшін барлығын жасап жатырмыз. Өткен жыл біздің облыста Бала жылы болғанын өздеріңіз де білесіздер. Осы жылдың ішінде қаншама балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер, спорттық және ойын алаңдары салынды, ІТ-сыныптар ашылды, дарынды балалардың дені биылғы жазда шетелде демалды. Осының бәрі балаларымыз өзге өңірлерде, басқа елде тұратын қатарластарынан қалмай, ой-өрістерін кеңейтулері үшін. Алайда, ең бастысы, біздің Президент айтқандай, туған Қазақстанымыздың атын шығаратын лайықты азамат болып өсу үшін осы игіліктердің барлығын пайдалана отыра, үздік әрі жақсы оқып, үлкендерді тыңдауға және оларды құрметтеуге тиіссіздер,- деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, балалар Аяз Атаға жазған хаттарындағы сыйлықтарының барлығын алды. Олар велосипед, гироскутер, планшет, теледидар, ноутбук және т.б. сұраған. Әр хатта кітаптарға, негізінен энциклопедияларға сұраныс бар екенін ескеру керек. Жетінші сыныпта оқитын Әсел тігін машинасын, екі жас музыкант – Мейрамбек пен Кәрім қолдан жасалған домбыра сұраса, Алға ауданынында тұратын бесінші сынып оқушысы Сандуғаш фотоаппаратты болды.

Балаларға арналған жаңажылдық шырша мерекелік түскі аспен жалғасып, мұражайға қыдырды, Ақтөбедегі бас шыршаны тамашалады.

Бұдан басқа, биыл өңірде «Балаларға қуаныш сыйла» атты ауқымды акция өтіп, соның аясында мемлекеттік органдардың, бизнес қоғам өкілдері Аяз атамен және Ақшақармен бірге ерекше білім беруді қажет ететін 3626 баланы құттықтап, сыйлықтар тарту етеді. Ақтөбедегі

Жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңажылдық шырша ұйымдастырылды.

«Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» деген атпен өткен мерекелік салтанатқа облыс орталығы мен аудандардан 202 бала шақырылыпты. Олар — оқуда, спортта табыстарға жетіп, өз өнерлерімен танылып жүрген балалар. Кең залдағы жасыл шыршаны айнала топтасқан балалар алдымен Алиса есімді қыздың Ғажайыптар еліне жасаған сапарына «ортақтасты», ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлерінің кейпіне енген аға-апаларының жетегінде би билеп, қызықты ойындар ойнады, жұмбақтар шешті.

Бұдан соң балалар үлкен экран арқылы Елбасы құттықтауын тыңдады.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде:

— Бұл — өздеріңді жаңа күнге жетелейтін, жаңа үміт сыйлайтын ерекше мейрам. Осы мерекелік басқосуды балалар асыға күтеді. Біз үшін қашанда балалардың қуанышынан артық ештеңе жоқ. Елімізде балалардың алаңсыз әрі бақытты өмір сүруі үшін біз барлық жағдайды жасаймыз. Саналы тәрбие мен сапалы білім алуға ұмтылған жөн. Ұстаздарыңызды сыйлап, олардың еңбегін бағалай біліңдер! Балдәурен балалық шақта бақытқа бөлене беріңдер! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда ізгі арман-тілектерің орындалсын! — деп, балаларға ақ тілегін жолдады.

Елбасы құттықтауынан кейін, балалардың қалауымен кең залдың ортасындағы жасыл шыршаның шамдары жағылып, ол түрлі түсті сәулелерге бөленді. Балалар облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұловамен бірге жасыл шыршаны айнала жүріп, ән салды. Балаларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та құттықтады:

— Айналайын, балалар, жаңа өз құттықтауында Елбасы атап өткендей, сендер бұл мерекені асыға күтесіңдер. Біз әлемдегі басқа елдердің, басқа халықтардың балаларында бар мүмкіндіктерді сендерге де жасауға тырысамыз, сендер де жақсы білім алып, өнердің, спорттың өздерің қалаған түрімен алаңсыз айналыссаңдар дейміз. Сол үшін де, көріп отырғандарыңдай, жаңа мектептер, спорт алаңдары, ІТ-сыныптар ашылып жатыр. Биылғы жыл облысымызда Балалар жылы болып жарияланды. Біздің бар тілегіміз — сендер лайықты білім алып, ертеңгі күні жақсы азамат болсаңдар екен! Ең бастысы, денсаулықтарың мықты болсын! Жаңа жыл сендерге көп қуаныш пен жақсылықтар әкелсін! — деді облыс басшысы.

Келесі сәтте ортаға Аяз ата шығып, балалар өз тілектерін жазған хаттардың бірінен соң бірін оқи бастады. Балалардың армандары сан алуан: шалқарлық Диана Құлекешова өскенде дизайнер болуды мақсат етеді. Ол өз хатында қазірден бастап-ақ тігін машинасымен жұмыс істегісі келетінін айтыпты. Ал әйтекебилік Әйгерім Қарқұлова қазақ ақындарының өлеңдерін сүйіп оқиды, сондықтан ол жаңажылдық сый ретінде Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағын алуды қалайтынын жазған. Байғанин ауданының орталығында тұратын Кәрім Қошанов өнерге жақын, ол жақсы бір домбыраға ие болғысы келетінін жеткізіпті. Осы және басқа бір топ бала өз тілектері бойынша қалаған сыйлықтарын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтан алды. Жалпы, шыршаға қатысқан барлық балаға Елбасы атынан құттықтау хат пен сыйлықтар табысталды.

«Қамшы» сілтейді