Ат жегілген күймелер соқтығысып, 20 адам зардап шекті

0

Ат жегілген күймелер соқтығысып, 20 адам зардап шекті

Баварияда ат жегілген екі күйме соқтығысып, салдарынан 20 адам зардап шекті. Арасында балалар да бар. Екі адамның жағдайы ауыр. Олардың біреуі тікұшақпен жедел түрде ауруханаға жеткізілген.


 
БАҚ мәліметі бойынша бір күйме теміржолға жақындағанда тоқтаған. Ал одан кейін келе жатқан күйме тоқтай алмаған. Олар соқтығысқан кезде әр каретада он адамнан болған. Полиция қазір тергеу жұмыстарын бастаған.

Дереккөз: life.ru


Дереккөз: http://reactor.inform.kz