Ақтөбеде мектептің төбесі құлаған: Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды — новости Казахстана
Ұстаздар оқиға орнында болған балалардың ата-аналарына бірден хабар берген. Мектептегі медицина қызметкері оларды қарап, ішкі ережеге сәйкес жедел жәрдем бригадасын шақыртқан.
Артынша оқушылар облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, профилактикалық тексерістен өтіпті. Олардың денсаулығы қалыпты екеніне көз жеткізген ата-аналары оларды үйлеріне алып кеткен екен. Ал сырқат бойынша есепте тұрған қыз ауруханада таңға дейін дәрігерлер қарауында болған.
Айта кетейік, мұндай жағдай Ақтөбе қаласындағы білім мекемелерінде алғаш рет болып отыр. №40 мектеп пайдалануға 2009 жылы берілген және білім ордасында жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ал ғимарат төбесінің құлауына не себеп болғанын Ақтөбе әкімдігі құрған арнайы комиссия анықтайтын болады.
Аталған мәселені Ақтөбе әкімі өз қадағалауына алды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар