Ақтөбеде көпбалалы аналар әкімдікті қоршап алып, 8 наурызға сыйлық беруді талап етті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]


Ақтөбе облысында 15-ке жуық әкімдіктің алдына келіп, 8 наурыз мейрамына орай проблемаларын шешіп беруді талап етті. Бұл туралы «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Ақтөбе облысында әйелдер әкімдікті қоршап алып, 8 наурызға сыйлық талап еттіСәрсенбі күні таңертең жиналған көпбалалы аналар, мүгедек балаларды бағып отырған аналар, апалардың көкейін үш сұрақ мазалады. Олардың сол үш сұраққа 8 наурызда жауап алғысы келді. Ай сайын 21 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыны қалай алуға болады? Жылдық екі-үш пайызбен несиені қалай алуға болады? Үшіншісі сұраққа қарағанда талапқа жақын. Әйелдер 8 наурызға сыйлық ретінде әрқайсысына 100 мың теңгеден беруді сұрады.

Теледидардан екі-үш пайыздық ипотека жайлы репортаждарды көрген әйелдер банктерге барған. Бірақ банк қызметкерлері ондай мүмкіндіктің жоқ екенін мәлімдеген. Алданып қалдық деген оймен әйелдер әкімдікке келген. 

Мүгедек баласымен 70 мың теңгеге күн көріп жүрген анаға баспана мәселесін шешу үшін көмек қажет. 

«Мен жалғызбасты анамын. Макаренко, 9 көшесінде жатақханада 11 шаршы бөлмені жалдап тұрамын. Бөлмеде тарақандар, тышқандар бар. Біздің проблемамызды шешуді, баспана беруді сұраймын.

Жұмыс істей алмаймын, себебі менің балам психоневрологиялық ауру бойынша мүгедек. Мүгедек балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы аламыз. Оның жиырмасы бөлмені жалдағанға, жиырма сегіз мыңы несиені жапқанға кетеді. Несиені мен баланы Астанада емдету үшін алғанмын. Қарызға баттым, ал отаны жасамады. Маған тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесуіңізді өтінемін!», — дейді Гаухар Әбдіразақова. 

Бес баласы бар ана елу жастағы күйеуін ешкім жұмысқа алмайтынын айтып шағымданды.

«Біз Матросова көшесіндегі үйде тұрамыз. Ай сайын он мың теңгеден төлейміз. Бес баламыз бар, мен үйде отырамын. Күйеуім базарда тазалаушы болып жұмыс істейді, отыз сегіз мың теңге көлемінде жалақы алады. Елу жаста оны ешкім жақсы жұмысқа алмайды. Баспанамен көмектесіңіздер!»— дейді Бибігүл Аймағамбетова.

Бір апа өзі үшін емес, қызының жанұсы үшін көмек сұрады. 

«Мен апамын. Қызым үшін сұраймын. Оның бес баласы бар. Біреуі мүгедек. Күйеуі тепловоз жүргізушісі болып жұмыс істейді. Біз жер сұраймыз. Біз пәтерден пәтерге көшіп жүрмеуіміз үшін туысқандарымыз бізге үй салып береді. Қызымның жанұясына көмек берілді. Жиырма күн бұрын бір жарыс тонна көмір әкелді. Сонымен болды»,— дейді Зылиха Махамбетова. 

Көпбалалы аналарға 8 наурызға сыйлық беріледі деген қауесетті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қайрат Ұтаров жоққа шығарды. 

«Ешкім 8 наурызға 100 мың теңге беруге уәде еткен жоқ. Ешкім бермейді де. Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) өзгерістер енгізіледі. Әр отбасының табысы кем дегенде 20 788 теңге болуы тиіс. Егер отбасындағы үлкен кісілердің табысы бұл сомадан кем болса, айырмасы төленеді.

Балалардың әрқайсысына 20 787 теңге беріледі. 1 шілдеден бастап АӘК бар болса, көпбалалыларға және мүгедектерге берілетін жәрдемақы есепке алынбайды. Жинайтын құжаттарды қиындатпауды, бір ғана жеке куәліктің көшірмесі жеткілікті болуын сұрады», — дейді Ұтаров. 

Қайрат Ұтаровтың мәліметтері бойынша, қазір облыста 13 400 көпбалалы жанұя бар, олардың 50 мыңында кәмелеттік жасқа толмағандар бар. 

Екі-үш пайызбен кредит алу мәселесі жайындағы акт әлі түспеген екен. Бұл туралы тұрғын үй қатынастары бөлімінің жетекшісі Жанаргүл Дүйсекенова айтты. 

«Оны орындауға жіберген кезде біз бірден халыққа айтамыз», — деді Дүйсекенова. 

Ақтөбе қаласында қазір баспанаға кезекте 1162 көпбалалы отбасы тұр. Өткен жылы мемлекеттік бағдарламамен тек он жанұяға ғана пәтерлеріне қол жеткізді. 

stan.kz