Ақтөбеде көпбалалы ана 5 жасар қызын өртеніп жатқан үйден шығарамын деп талып қалды  — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ақтөбеде көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті. Өрт кезінде ана бес баласымен бірге үйде болған. Бұл туралы «Мой город» басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

 Ақтөбеде көпбалалы ана 5 баласын өрттен шығарып жатып талып қалды Әйел терезені сындырып, төрт баласын сыртқа шығарған. Бес жастағы бесінші қызын шығармақ болғанда иіс газына уланып, есінен талып қалды. 

«Мен таңғы сағат тоғызда жұмысқа бара жаттым. Ал он бес жастағы үлкен қызым көршілерге кетті. Өрт сағат онда шықты. Қызымның үйге дер кезінде келгені жақсы болды. Ол әйелім мен кішкентай қызымды құтқарып қалды», — дейді отағасы Зейнулла Бекмағамбетов. 

 Ақтөбеде көпбалалы ана 5 баласын өрттен шығарып жатып талып қалды Оның айтуынша, өрттен кейін үйдің ешнәрсесі қалмаған. Өрт барлық құжаттарды жойып жіберді. Шенеуніктер алты баласы бар отбасыға уақытша тұруға екі бөлмелі пәтер берді. 

«Жерді демеушілердің есебінен бөліп, жаңа үйге құрылыс материалдарымен көмектесеміз», — деді Ақтөбе әкімдігі. 

stan.kz