«Төрт жігітті құлатты»

0

Екінші орта салмақта WBC ұйымының бұрынғы чемпионы Давид Бенавидес қазақстандық Геннадий Головкинді ең сұмдық панчер деп атап, GGG-дің жаттығу лагеріндегі оқиғаны айтып берді. 

«Көптеген боксшылармен спарринг өткізгем. Питер Куилли, Келли Павлик, Латиф Кайоде, Габриэль Росадо, Хосе Узкатеги. Калифорнияды жаттығатындардың барлығы менімен спаррингте тұрды. 

Олардың ішіндегі ең сұмдығы — Головкин. Мені талдырып тастады демеймін. Ол туралы емес. Ол рингті жақсы сезінеді, соққыларды да. Өте қатты ұрады. 

Әңгіме оның шеберлігінде. Соққысын қалай «бұратынында», соған бар күшін сала алатынында, соққыны нақты қалай жасау керекгін білуі — осының бәрі оның жұдырығын ауыр етеді. Ол қарсыластары тұра алмай қалатындай ұрады. 

Бірде онымен жаттығу лагерінде болып, төрт жігітті қатарынан нокаутқа түсіргенін көрдім. Ол бірін құлатады — өзгесі рингке кіреді. Оны құлатады, осылай кезегімен келе берді. 

Мен оған қызуға көмектестім, бірінші болып спарринг өткіздім. Одан көп нәрсе үйрендім. Қорғаныстағы кей мәселелерді. Осы тәжірибе мені қалыптастырды», — дейді Бенавидес Fight Hub Youtube арнасына берген сұхбатында.  



Дереккөз: prosports.kz/kz