Ақтөбеде футбол ойыны кезінде төбелес болды (ВИДЕО)
«Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасында футболдан кейін жанкүйерлер арасында төбелес болды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД-нің мәліметінше, полицейлер жағдайды дер кезінде бақылауға алған.
— Матч барысында жанкүйерлер арасында түсінбестік болғанмен, тәртіп бұзылмады. Эмоцияға бой алдырған жанкүйерлермен полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізді, — деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болаты.