Ақтөбеде 20 жастағы әйел гинекологтың алдында қайтыс болды

0
4533

Ақтөбе облысында 20 жастағы әйел «жатыр түтіктерін үрлеу» рәсімі кезінде көз жұмды, – деп жазады «Диапазон»

Жекеменшік медициналық орталықтың акушер-гинекологы сотталып жатыр. Оған кәсіптік міндеттерін дұрыс орындамаған деген айып тағылған.

Тағылған айыпта өткен жылдың қазан айында 20 жастағы әйел жатыр түтіктерін үрлеу рәсіміне келгені айтылған.  Рәсім алдында келіншекке «Метронидазол» деген дәрі екен. Ол өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған, кейін жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем мамандары оның жүрегіне массаж жасап, өкпесіне жасанды желдету аппаратын қосқанмен, пациент қайтыс болған.

Тергеу барысында әйелдің өлімі дәрінің әсерінен туындаған анафилактикалық шоктан болғаны белгілі болды. Екпес бұрын келіншектің аллергиялық реакцияға төзімділігі мен басқа бұзушылықтар болуы мүмкіндігі тексерілуі тиіс болатын.