«Құны 1000 теңге»: Ақтау әуежайындағы бетперденің бағасы көпшіліктің ашуына тиді (видео) 

0

Ақтау әуежайындағы «масканың құны» желі қолданушыларының шамына тиді. Жолаушылардың бірі бетперде салынған пакетті 1000 теңгеге қалай сатып алғанын видеоға түсірген.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланған. Кадрдан Ақтау әуежайында 1000 теңгеге маска сатылып жатқанын, оның ішінде екі бетперденің барын айтқан ер адамның даусын естуге болады.

Сонымен қатар пакеттен басқа да заттарды байқауға болады. Дегенмен ер адам бұған өзінің наразалығын білдіріп, оны желі қолданушылары да бірауыздан қолдай кеткен.

«Маска үшін 1000 теңге» Шын айтып тұр ма? «Кеңес Одағы кезінде бағаны көтергені үшін түрмеге қамалатын еді», «Таң қалмаңыз, бұл бизнес», — деп жазған пікір қалдырушылар. Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Маңғыстау облысының әкімдігі Tengrinews.kz тілшісіне 1000 теңгеге екі маскадан бөлек, санитайзер мен пен қолғабтар кіретінін жеткізген.