Ақтөбе жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды

Ақтөбе жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозыбағаров қайтыс болды.
Кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы «белгісіз пневмония жағдайлары» туралы сұрады.
«Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?» – деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
«2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім – 55,4%», – деп жауап берді Цой.
Кеше аймақта бес медициналық қызметкер пневмониядан қайтыс болғанын айтқан болатынбыз.