Қазақстандағы «белгісіз пневмония»: 98 546 адам ауырып жатыр – Цой

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы «белгісіз пневмония жағдайлары» туралы сұрады.

«Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?» – деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім – 55,4%», – деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

«Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды», – деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты.

«Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек», – деді Тоқаев.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз